Ақтөбе облысында топан судан 1 мың үйге зақым келді
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев табиғи апат салдарынан өңірдегі 1 мың үйге зақым келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Су тасқынынан өңірде 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыс, 232 аула, 852 саяжай зақымданған. Су тасқынына қарсы күреске 720 маман, 185 техника, 11 қайық, 8 су сорғыш жұмылдырылды, – деді Асылбек Есенбаев ОКҚ-да өткен брифингте.
Бұдан бөлек табиғи апаттан зардап шеккен 206 адамға 64 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленген.
"Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт ашылды. Барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 235 тоннасы көмекке мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 500 волонтер ат салысып жатыр. Бүгін түнде Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келді", – деді әкім орынбасары Асылбек Есенбаев.
Сөз соңында ол су тасқыны салдарынан келген материалдық шығын есептеліп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылының 4-сынып оқитын тұрғыны қобдишаға жинаған ақшасын Құлсары қаласына гуманитарлық көмекке қосқаны туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік