Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ботқадан құрт шыққан: Ақтөбе облысындағы балабақшаның 3 қызметкері жұмыстан босатылды

Ақтөбе облысында балаларға берген ботқасынан құрт шыққан балабақшаның 3 қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Бұған дейін Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы "Самал" бөбекжай-бақшасында балаларға берілген ботқадан құрт шыққаны туралы видео тараған еді. Облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, жауаптыларға қандай шара қабылданғанын айтты. 



"13 қаңтарда Қандыағаш қаласындағы "Самал" балабақшасында жағымсыз оқиға орын алды. Балабаұшада таңертең әдеттегідей сұлы ботқасы пісірілген. Жұмысшылар сынама алғанда, барлығы дұрыс болған. Ботқа пісіріліп, тәрелкелерге құйылған кезде жәндіктер табылған. Ботқа балаларға берілмеген. Оқиғадан кейін балабақша меңгерушісі, медбике мен аспаз жұмыстан қуылды", – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысындағы балабақшада балаларға берілген ботқадан құрт шыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау