Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік рейтингте Қазақстан табиғаты жасыл елдердің арасында соңғы орында тұр

Табиғаты жасыл елдердің рейтингінде Қазақстан соңғы орындарға тұрақтады. Еліміз экологиялық тиімділік бойынша еуропалық мемлекеттерден ғана емес, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен кейінгі қатарда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан қоршаған ортаға инвестиция салуға асықпайды. Сонымен қатар елде өндірістік аймақтардағы жағдай көңіл көншітпейді. Табиғаты жасыл елдердің рейтингінде Қазақстан соңғы орындардың бірі 78 елдің ішінен тек 72-орынға ие болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда жағдай Ресейде, Беларусь, Әзірбайжан елдерінде табиғат жағдайы жақсы.

Рейтинг жаһандық сауалнама нәтижелеріне негізделген қоршаған ортаға қамқорлық, денсаулыққа қамқорлық және инновациялар деген үш санат бойынша жасалды. 



Мемлекеттік саясаттың экологиялық көрсеткіштері сандық бағалауға негізделген экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 100-ден 40,9 индексімен 180 елдің ішінде 93-орында болды. Рейтингтің ортасында Намибия, Габон, Зимбабве, Эсватини және Ауғанстан сияқты елдер тұрды. 

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның жеткіліксіздігі мен кәсіпорындардың жауапкершілігінің төмендігі жиі кездеседі. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айының соңында экология саласындағы ең проблемалы компаниялардың бірі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығы аумаққа экологиялық аудит жүргізбеген. 

Талқылау