Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы аққулардың қырылуы: Ветеринарлар халықтан көл маңына бармауды сұрады

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин қалада құс тұмауының таралуына жол бермеу үшін тұрғындардан Қаракөл көліне бармауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір көл құс тұмауының ошағына айналған.

“Барлығыңызды құстардың қырылғаны алаңдатып отырғанын білемін. Алайда көл маңына келмеулеріңізді сұраймын. Құстардың өлексесі де вирусқа толы. Көл жағасында құстардың нәжісі де бар. Осылайша вирус тарайды.Торғайлар мен көгершіндер жұқтырып алса, өздері қырылмаса да, вирусты тарата береді. Қалада құс тұмауының өршуіне жол бермейік", – деді Темірбек Нұртазин.

Осыған байланысты ол құс етіне вирус жұқпауы үшін тұрғындардан көлге барудан бас тартуды сұрады.

“Көл індеттің ошағы болып тұр. Індет ошағына келіп,  вирустың таралуына ықпал етпесеңіздер", – деп қосты Темірбек Нұртазин.

Бұған дейін сарапшы орнитолог Виктория Ковшар Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуының себебін құс тұмауы деп түсіндірген еді.

Талқылау