Ақтауда жол тазалаушы әйелдерді құттықтаған бала жұртты сүйсіндірді (видео)
Ақтаудың 10 жасар тұрғыны Әлижан "Қала жолдары" ЖШС-нің қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап шықты. Оның бұл әрекеті желі қолданушыларын қайран қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Өзінің құттықтауын жеткіншек видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Сөзінше, оның анасы Әлиханға осындай ой салыпты.
Әлихан қызметкерлерді құттықтауға деген ақшаны өзі жинапты. Бұл үшін ол қаладағы дәмханалардың бірінің бастығымен келісіп, онда сағыз сататын құрылғыны орнатыпты.
Әлеуметтік желі пайдаланушылар оның бұл ісіне тәнті болып жатты.
"Міне нағыз азамат! Ол бұл әрекеті арқылы әйелдер қауымын аз да болса көңілін көтере алды", "Мұндай балаларды тәрбиелейтін ата-аналар бар кезде бізді ешкім жеңе алмайды" - деп жазыпты желі қолданушылары.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген