AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тегін баспана беруді талап еткен көп балалы аналар орталық көшені жауып тастады (видео)

Кеше түнде бірнеше адам Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы жол учаскесін жауып тастады. Анықталғандай, бұлар көп балалы аналар болып шықты. Олар облыс әкімдігіне барып, баспана мәселесін шешуді талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

8 ақпан кешкі сағат 10 жарымдар шамасында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында көп балалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар адамдар облыс әкімдігіне барып, баспана мәселесін шешуді талап етті. Олар әкімдіктің фойесіне кіріп, әкімнің шығуын талап етті. Бірақ әкімдіктен ешкім шықпаған.

Бұдан соң наразылар өздеріне биліктің назарын аударту үшін әкімдік жанындағы орталық көшелердің бірін жапқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ондаған әйелдің жолды жауып тұрғаны, көліктердің сигнал беріп жатқаны көрінеді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген. Куәгерлердің айтуынша, Куәгерлердің айтуынша, полиция жолды ашуға тырысып, аналар мен полиция біраз текетіресіп қалған. Жиналғандар жергілікті биліктен жалға алған пәтерлерін жекешелендіруді талап еткен. 

 

Оқиға орнына облыс әкімдігінің өкілі келіп, наразыларға "шараның заңсыз екенін" айтып, ескертуге тырысқан. Ал наразылар бұған ашуланған.

Олар жолды шамамен жарты сағаттай жауып тұрған. Әкімдік өкілдері оларға облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың 9 ақпанда таңертең қабылдайтынын айтқан. Наразы әйелдер сыртта тоңғандықтан түнгі сағат үштерде тарағанын айтады.  

Бұл туралы ақпаратты полиция да растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бірнеше минуттан кейін көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр