Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сыртқы қабаты бірнеше рет құлап қалған үйге қайта жөндеу жүргізілуде

Ақтауда екі апта бұрын құлап кеткен үйдің қасбеті қайтадан жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Нысанда 16 адам жұмыс істейді. Құрылысшылар бірінші қабатты термопанельмен жауып, 9-қабатқа дейін арнайы тақтайшаларды кеңейтуді көздеп отыр. Жұмыстар екі ай ішінде аяқталады деп уәде етілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұл үйдің сыртқы қабаты бірнеше рет құлаған болатын. Сонымен қатар желіде қаладағы 17-шағын аудандағы үйдің де сырты құлап жатқаны туралы ақпарат жарияланған. 

Сондай-ақ Интернетте тағы бір видео пайда болды, онда 17-шағын аудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінің қаптамасы құлады. Жағдайды анықтаған кезде қасбеті жөнделіп, ескі қаптамасы алынып тасталынды.

“Мұнда жұмыс мамыр айында басталды. Қазір мекемеде 6 адам жұмыс істейді. Олқылықты қалпына келтіру үшін 20 миллион теңге қаржы жұмсалады деп жоспарлануда. Біз жөндеу жұмыстарын шамамен бір жарым айда бітіреміз”, – дейді 17-шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің төрағасы Нұрбол Дүйсеналиев. 

Талқылау