Ақтауда өртеніп жатқан тұрғын үй кешенінен 50 адам эвакуацияланды
Ақтау қаласында "Florence" тұрғын үй кешенінің шатыры өртеніп, отқа оранған тұрғын үй кешенінен 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған өртке қатысты түсініктеме берді.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Толық мәліметтер кейінірек беріледі", - деді ведомство.
Облыстық полиция департаменті өрт сөндірушілерге 50 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 50 жауынгері, 10 автопатруль, төрт эвакуатор және бір манипулятор жұмылдырылғанын айтты.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”