AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау теңіз сауда порты ЕҚЫҰ-ның "Жасыл порт" сертификатын алды

"Ақтау теңіз сауда порты" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының(ЕҚЫҰ) "EcoPorts Pers" сертификатын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. 

"Ақтау теңіз сауда порты" ЕҚЫҰ-ның "EcoPorts Pers" сертификатын алып, Қазақстандағы алғашқы "Жасыл порт" атанды. Сертификаттау экологиялық менеджменттің бүкіл әлемдік стандарты бойынша берілген.

Халықаралық сертификатты табыстау шарасына ЕҚЫҰ-ның(ОБСЕ) Еуропадан келген делегациясы мен осы ұйымның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалар жөніндегі аға қызметкері Дэниел Кросс, ЕҚЫҰ хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров қатысты. Қатысушылар Ақтау портының алдағы уақытта Еуразияның логистикалық және сауда орталығына айналуға мүмкіндік ашқанын, ірі порттармен ынтымақтасуға болатынын атап өтті. 

Ақтау порты сертификаттауды 2020-2021 жылдар аралығында ЕҚЫҰ-ның жұмыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар офисінің қолдауымен және ұйымның экономикалық, экологиялық қызметті үйлестіруші бюросымен бірлесіп жүргізген. 

“Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "Порттардың экологиялық сараптама жүйесіндегі" жасыл порт сертификатын алу үшін, бір жылдан астам уақыт бойы, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бөлімімен аянбай тер төкті. Бұл сертификат біздің халықаралық және еуропалық деңгейде жұмыс жасай алатынымызды көрсетеді. Ақтау сауда порты экологиялық, жұмыс процесі барысындағы қауіпсіздік стандарттарына толық жауап береді. Бұл өз кезегінде біздің тұтынушылар алдында барлық талаптарға сәйкес келетін, жоғары сапалы қызмет көрсететін порт екенімізді көрсетеді”, – деді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының төрағасы Абай Түркпенбаев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр