AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау әкімдігі "картоп арзандады" деген жалған ақпарат таратқан

Ақтауда қалалық әкімдік әлеуметтік желідегі парақшаларына көтерме базарда картоптың келісі 185 теңгеге арзандады деген жалған ақпарат таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Мұны естіп, білген кей тұрғындар қуанып, бағасы қалта көтерерлік өнім алу үшін базарға қарай ағылған. Сатып алушылар бұл жолы сапалы, әрі арзан картоп аламыз деп ойлаған. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. 

"300-ден, 600-ден деп айтып тұр мұнда. Базар бойынша таба алмайсың деп тұр маған. Былай бір айналып шықтым”, “Картоптар 280, бір жерде 250 дейді. Бұл не деген масқара, қымбаттап жатқан. Халықтың жейтін тамағы осы ғой. Мен осымен 4 рет келіп тұрмын. Бағасы түсті ме екен деп келем, түспейді. Ешқандай қозғалыс, өзгеріс жоқ”, – дейді тұрғындар. 



Ал кәсіпкерлер бағаның арзандамағанын айтады. 

“Бізде 185-200 теңге деген баға жоқ. Картоп құны 250 теңгеден”, – дейді кәсіпкер Марты Сағынғалиқызы.

Базарда Иран және Әзербайжаннан жеткізілген картоптың көтерме бағасы 240- 265 теңгеге саудаланып жатыр екен. Ал бөлшек бағада алыпсатарлар әртүрлі сатады. Яғни келісі 250, 280 теңге. Кей сауда нүктелерінде 350 теңгеге дейін барады.

"Бүгін бағаны 225 теңге бірден түсірді. Міне, әдемі картошка. Арзан болғаны бізге де жақсы. Біз халықты ойламайды дейсіңдер ме?" – дейді саудагерлердің бірі Нұрсұлу Әлмұратова. 

Ал әкімдік өкілдері әлеуметтік тауарлар қатарына жататын өнімдердің бағасын  барынша реттеп жатқанын алға тартты. 

"Асар С" , Қазфруд сияқты мекемелермен келісім сөздер жүргізу арқылы оларға халыққа 1 кг, 2 кг нан халыққа қолжетімді болсын деген әлеуметтік тауар ретінде 185 теңгеден сатуға біз келіссөздер жүргіздік. Келістік. Қазіргі таңда сол базарда сатылып жатыр. Бірақ та оның саны, мөлшері аз”, – дейді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев. 

Осылайша, көкөністің бағасына қатысты кім кімді алдап жүргені белгісіз. Кәсіпкерлік бөліміндегілдер бір-екі аптада іргедегі Ресей мен  еліміздің оңтүстігінен жаңа өнім келгесін, ескі картоптың бағасы түседі дейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр