AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең кішісі екі айлық: Ақсулық әйел үш баласын аш күйде үйде қамап кеткен

Ақсу қаласының тұрғыны үш кішкентай баласын аш күйде бір тәулік бойына үйде қалдырып кеткен, деп мәлімдеді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

дети

Шамамен 18:45-терде Ақсу қаласындағы функционалды емес отбасылардың бірін тексеру кезінде полиция қорғаншылық және атқарушы органдармен бірге пәтерлердің біріне кіре алмаған. Онда 2013, 2016 және 2021 жылы туылған балалар болған. Полицейдің қойған сұрағына есіктің арғы жағынан балалардың үлкені жауап берген. Ол аналарының таңертең кетіп, есікті сыртынан жауып кеткенін айтқан.

Ұзақ тексеру жұмыстарынан кейін де әйелдің қайда екенін анықтау мүмкін болмады. Полиция Төтенше жағдай қызметкерлерін шақырып, есікті бұзып кірді.

Кішісі екі айлық болған балалар пәтерде ешкімнің қарауынсыз жалғыз болғаны белгілі болды.

Балалар аш күйде болып, заттар әр жерде шашылып жатты, ал тоңазытқышта алкогольдік ішімдіктен басқа азық-түлік жоқ болып шықты.
Полицияның хабарлауынша, екі айлық қызды сегіз жасар ағасы пакеттегі сүтпен тамақтандырған.

Көршілердің айтуы бойынша, бұл отбасындағы ересектер кішкентай балаларды көп жағдайда үйде жалғыз қалдырады.

Полиция қызметкерлері мен қорғаншылық органдары балаларды отбасынан алып кетуге шешім қабылдайды. Олар қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылған.

Балалардың анасы өз серігімен үйіне тек 23:00-дер шамасында ғана оралған. Сұрақ алу барысында оның ақша табу үшін Павлодар қаласына барғаны анықталды.

Айта кетейік, балалардың анасы мен оның серігі бұған дейін сотталған және ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда жауапсыз ана әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Бұл бап бойынша 15 АЕК (43 755 теңге) немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

Сондай-ақ Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты ананы ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызды дайындауда. Балалардың алдағы тағдырын сот шешетін болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр