АҚШ тұрғыны кемеге ұқсас жұмбақ елесті бейнетаспаға түсіріп алды (видео)
АҚШ Ұлы көлдерінің бірінде беймәлім нысан бейнетаспаға түсіп қалды. 10 қазан күні YouTube желісінде жарияланған жазба 600 мыңнан астам қаралым жинады.
Бейнероликті Мичиган штатының қолданушысы Джеймс Асселин жариялады. Видео бір минутқа созылады және автор тылсым нысанның көз алдында жоғалып кеткенін айтады.

Кейбір интернет-пайдаланушылар ролик авторына алдамшы көрініс елестеуі мүмкін деген теорияны алға тартқан. Ал бірқатары камера елес-кемені түсіріп алғанын жазды. Ұлы көлдердегі Кемелер апаты қоғамының мәліметтеріне сәйкес, Жоғарғы көл түбінде 550 кеменің қирандылары жатыр. Жалпы Ұлы көлдерде алты мыңнан астам кеме су астына кеткен.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады