АҚШ-тағы ашық біріншілікте қазақстандық теннисші жеңіліс тапты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 38-ші ракеткасы) Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турнирінде екінші айналымдағы кездесуін өткізді. Тенисші бұл ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz.

1/32 финал кездесуінде Путинцева неміс теннисшісі Жюле Нимейермен (әлемнің 108-ші ракеткасы) кездесіп, екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңілді. Матч бір сағат жиырма жеті минутқа созылды.
Ойын барысында Юлия соққысы екі рет қалыс кетіп, төрт рет қос қате жіберді. Қазақстандық бес ұпаймен үш ойын қатарынан жеңіп келе жатқан болатын.
Путинцева алғашқы кездесуде америкалық спортшы Аманда Анисимовадан басым түскен. Бұған дейін Елена Рыбакина мен Александр Бублик жекелей сында жекпе-жекті аяқтаған болатын.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"

