АҚШ-та жүрген қазақ жігіті отандастарына шетелге кетуге кеңес берді
Бүгінгі таңда АҚШ-та жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат елден кетіп, жастарға өз болашағын құрастыруға кеңес берді.

Фото: facebook.com/Timurid1?fref=ts
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Темір Хан есімді қазақстандық азамат 2007 жылы ҚазҰУ-дің “Халықаралық қатынастар” мамандығына оқуға түскен. Аталған ЖОО-ның бірінші курсында АҚШ-қа барып, уақытша жұмыс істеген. Артынша елге қайтып келіп, оқуын тәмамдаған.
Қолына дипломын алып қызметке тұрған соң көптеген қиындықпен бетпе-бет кездеседі. Айына небәрі 65 000 жалақы алады. Бастығымен сөзге келіп, жұмыстан шығуға мәжбүр болады. Арқырында ойлана келе, АҚШ-қа қайта кету туралы шешім қабылдайды.
Бүгінде шетелде тұрып жатқан азамат өзгелерге өз болашағын АҚШ секілді мүмкіндіктері мол мемлекетте құрастыруға кеңес берді.
“ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алдым. 18 жасымнан бастап АҚШ-қа түрлі бағдарламамен бардым. Жалақысы аз болса да, Отаныңа адал қызмет етуің керек деген ұстаныммен жүрдім. АҚШ-та жалақы жоғары, ал Қазақстан – Отаның. Ұйқысыз түндер өткізіп, экзаменге дайындалдым. СӨЖ жұмыстарын жаздым.
Баға қойдыру үшін кабинеттен-кабинетке жүгіріп, жүйкемді тоздырдым. Балл деп жүріп өзімшіл ағасымақтар отыратын түрлі форумға қатыстым. Сол кездің өзінде “Халық неге шетелге кетіп жатыр?” деп ойладым. Жоқ, мен – патриотпын. Мен қаламын деп шештім.
Менің жиған тиын-тебенімнің 30%-ын құнсыздану жеп қойды. 65 мың жалақы төлейтін жұмысымда әділеттілік болмады. АҚШ пен тәулігіне $150-200 төлейтін жұмысымды сағына бастадым. Бастығыммен ұрысып, жұмыстан кеттім. Артынша пойызға билет алып, Алматыға келдім. Елшілікте сұхбаттан өтіп, Нью-Йоркке ұштым.
Мен осының барлығын ертерек түсінбегенім үшін ғана өкінемін. 90% адам тек өзін ғана ойлайтын Қазақстанда қалудың маңызы жоқ. 18 жасымда АҚШ-та қала беруім керек еді.
Мемлекеттік оқу орындардың қабырғасында өткізген уақытым мен ҚазҰУ-ге төлеген әке-шешемнің ақшасы ішімді күйдіреді. Құр судың ішінде балдай болған бірнеше ұстазыма алғысым шексіз. АҚШ-та қайтадан оқуыма тура келді. Мен еліміздегі университетте білім алудың ешқандай да пайдасы жоқ екенін түсіндім.
Қазақстанда оқып жүрген студенттерге айтарым – өмірлерің мен өз болашақтарыңды құрастырыңдар. Ата-аналарыңнан өзге ешкімге де керек емессіңдер. Олардан зейнетақы қоры туралы сұраңдар да, шешім қабылдаңдар.
Кеш болмай тұрғанда, барлық күдікті шетке ысырып, молшылықта өз өмірлеріңізді құрастырыңыздар. Менің айтар ақылым осы”, – дейді Темір Хан.
Жігіттің бұл жазбасын желі қолданушылары әртүрлі бағалады. Бірі мұны сатқындық пен өзімшілдікке баласа, екіншілері дұрыс шешім екенін айтып қолдай түсті.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та әкесі ыстықта көлігінде ұмытып кеткен қызын мұздатқышқа салып құтқармақ болды
АҚШ-та ұшақ әуе кемесіндегі жыныстық әрекеттен соң шұғыл түрде қонды
АҚШ-та 38 жастағы мұғалім 15 жастағы оқушымен жыныстық қатынас жасап келген
Анджелина Джоли мен АҚШ мемлекеттік хатшысы ауызашарға қатысты
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін