Басты жаңалықтар
АҚШ-та көп қабатты үйдің қирауы: Көз жұмғандардың саны 11-ге жетті
АҚШ-тың Флорида штатында көп қабатты үйдің құлауынан көз жұмғандардың саны 11-ге жетті. Тағы жүз елуге жуық адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда қираған үйдің үйінділерінің астынан аман қалғандарды іздестіру шаралары жүргізілуде. Айта кетсек, көп қабатты тұрғын үйдің жартысы қирап қалған еді. Қазіргі таңда апаттың орын алу себептері анықталуда. Кейбір деректерге сүйенсек, бұған дейін ғимараттың "қатты бүлінгені" анықталған.
"Соңғы бірнеше сағат ішінде құтқарушылар тағы бір мәйіт тапты. Шамамен 150 адам әлі табылған жоқ. 11 адамның көз жұмғаны расталып отыр. Бірақ біз тізімдерді үнемі тексеріп отырамыз және олардың отбасыларымен де байланыста боламыз. Бұл жағдай барлығына ауыр тиетіні сөзсіз", – дейді Майами-Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин Кава.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған