АҚШ-та 86 жастағы әйелдің 86-шы шөбересі дүниеге келді
Америкадағы Огайо штатының 86 жастағы тұрғынының 86-шы шөбересі дүние есігін ашты.

Бұл туралы People хабарлайды.
Мари Фрейдің 15 баласы бар екен. Ол бүгінде 68 биологиялық және алты асырап алған немерелерінің әжесі.
“Мен айналама қараймын да қалайша біздің жолымыз болған деймін”, – дейді әйел. Ол осылайша өмірге келген 86-шы шөбересінің құрметіне атап өтіп жатыр. 2016 жылы Фрей мен оның күйеуінде тағы екі шөбере өмірге келеді деп күтілуде.

Сурет thecourier.com
Америкалық әйелдің айтуынша, оның барлық балалары бір-бірімен жақын қарым-қатынаста екен. Барлығы да сол штатта тұрғандықтан, мерекелерде жиі бастары қосылады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады