Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Сирияға алғашқы шабуылын жасады

АҚШ Сирияға шабуылдау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы мемлекет президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

АҚШ Сирияға алғашқы шабуылын жасады

Бұл туралы Reuters басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен АҚШ Қарулы күштеріне сириялық диктатор Башар Асадтың химиялық қаруына байланысты нысаналарды дәл көздеп, әуеден соққы жасауға бұйрық бердім», – дейді Дональд Трамп.

Оның сөзінше, аталған бұйрық Шығыс Гутада тыйым салынған «құбыжық» қаруын қолдануға қатысты жауап болып табылады. Және Сирияға қарсы әскери қимылдарға Франция мен Ұлыбритания да қатысатынын атап өтті.

Өз кезегінде АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Сирияға алғашқы шабуыл жасалғанын айтты.

Оның айтуынша, Сирияға бір рет зымыран атылған. Әзірге тағы шабуыл жасау жоспарда жоқ. Бірақ шабуыл жасалынуы мүмкін.

Министрдің сөзінше, аталған шабуылға 2017 жылғыға қарағанда 2 есе артық қор жұмсалған.

«Өткен жылы Сирия президенті Башар Асад дабылды қабылдамады. Бүгін біз одақтастарымызбен бірге күшті соққы бердік. Біз Асад пен оның қоластындағыларға химиялық шабуыл жасамау жөнінде ескерту жасадық», – дейді министр.

Оқи отырыңыз:

Сот үкімі: Ресейде Telegram бұғатталады

Ресейде қазақстандық студент қызды ғимарат терезесінен итеріп жіберген

Есірткі саудасымен айналысқан жігіт мақтаншақ сүйіктісінің кесірінен ұсталып қалды (фото)

Әлемде есірткі үшін өлім жазасына кесілгендер саны анықталды

Талқылау