AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ санкцияға түскен тауарларды Ресей мен Беларуське тасымалдаушы елдер тізіміне Қазақстанды қосты

АҚШ санкцияға түскен тауарларды шикізат ретінде Ресей мен Беларуське тасымалдаушы елдер тізіміне Қазақстанды қосты. 

Қазақстаннан бөлек, бұл тізімде Армения, Бразилия, Қытай, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстан бар. 

Жүкті ауыстырып тиейтін осы пункттер арқылы "бақылауға алынған немесе шектелген экспорт" жүзеге асады. 

"BIS (Өнеркәсіп пен қауіпсіздік бюросы) шектелген немесе бақылауға алынған экспорт жүзеге асатын кейбір ортақ жүк тиейтін орындарды анықтады. Олардың пункттерге жетпес бұрын Ресей мен Беларусьтен өтетіні белгілі", - деп хабарланды ведомстводан. 

Сондай-ақ, осы және өзге де юрисдикцияларға тауарлар заңды түрде экспортталуы мүмкін екені атап өтілген. Алайда алдағы уақытта Ресей мен Беларуське дайын өнімдер мен тауарларды қосымша орындар арқылы өткізуге тыйым салынуы мүмкін. 

Ал "ерекше алаңдаушылық" тудыратын тауарлар тізіміне әскери техника, ұшақтың бөлшектері, гидроакустикалық жүйе, Джи-Пи-Эс, мұнай саласына қажетті техника кіреді. 

Батыс Ресейге санкциялар салғаннан кейін, Ресей санкцияларды Қазақстан арқылы айналып өтуі мүмкін деген бейресми ақпараттар тарады. 

Биыл мамыр айында қазақстандық Центр Кредит Банкі ресейлік Альфа Банктің қазақстандық еншілес компаниясының акцияларының 100 пайызын сатып алды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыстың санкцияларын айналып өтуде" Қазақстанның Мәскеуге көмектеспейтінін айтқан еді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр