АҚШ Иранның Израильге ауқымды зымыран шабуылын жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді
АҚШ Иранның Израильге ауқымды зымыран шабуылын жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Reuters/Iranian Army
АҚШ барлау қызметі Израиль әскерінің Ливандағы "Хезболла" ұйымына қарсы операциясына жауап ретінде Иран Израильге баллистикалық зымырандармен шабуыл жасауға дайындалып жатқанын хабарлады.
Насралланың өлімі "Хезболланың" күйрегенін көрсетеді – Сарапшы
"Ақ үйдің жоғары лауазымды тұлғасының айтуынша, Иран жақын арада Израильге баллистикалық зымыранмен шабуыл жасауға дайындалып жатыр. АҚШ Израильді шабуылдан қорғауға белсенді түрде дайындалуда", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясын бастағаны туралы жазған едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды