Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қайын енесін өртеп жіберген күйеу бала 15 жылға сотталды

Ақмола облысында қайын енесін тірідей өртеген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, зардап шеккен тарапқа 1 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің дерегі бойынша, Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1961 жылғы Е. Баймурзинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта белгілі болғандай, қайғылы оқиға 2017 жылдың 12 қыркүйегінде Бурабай ауданының Щучинск қаласында болған. Сотталушы  Е. Баймурзин үйінен кетіп қалған әйелі мен баласын алып кету үшін қайын енесінің үйіне барған. Алайда, қайын енесі ішімдікке тойып алған күйеу баласына есік ашпай қойған. Ашуға булыққан ер адам енесінің үйінің кіре берісіне бензин шашып, өрт қояған.

Үйдегі адамдар далаға жүгіріп шығып, қызыл жалынды сөндіре бастайды. Осы кезде енесі күйеу баласының басынан көсеумен ұрған. Жауап ретінде Е. Баймурзин әйелдің үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген. Салдарынан денесін 40 пайыз, 2, 3  А, Б дәрежедегі күйік шалған әйел көп ұзамай ауруханада көз жұмады. Осыған орай, Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру және зардап шеккен жаққа 1 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу жазасы тағайындады», – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Тағы да оқыңыз:

Хадисте айтылған қастың құпиясын ғылым енді мойындады

Синоптиктер: Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аяздың беті қайтады

Астанада оқушы қызды әкесінің көз алдында көлік қағып өлтірді

Талқылау