Ақмола облысында ер азамат туған анасын ұрып өлтірді
Ақмола облысының тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 29-да Атбасар аудандық ПБ кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстағанын айтқан.
"Белгілі болғандай, оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырықпен ұрып қалған. Соққыдан кейін анасы кенеттен көз жұмған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйел бассүйек-ми жарақаты салдарынан көз жұмған", – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-ші бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды