Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында алаяқтар ер адамды несие алып, үйін сатуға мәжбүрлеген

Ақмола облысы Степногорск қаласында алаяқтар ер адамды алдап, несие алғызған. Сонымен қатар пәтерін сатқызып, бар ақшаны өздеріне беруді сұраған. Көп ұзамай полиция күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

ақша

Ведомство мәліметінше, 17 мамырда Степногорск полиция басқармасына 38 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсіпті. Ол өзін алаяқтардың алдап кеткенін мәлімдеген. Анықталғандай, 20 сәуір мен 14 мамыр аралығында белгісіз біреулер өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, ер адамды 3 миллион теңгеге несие алуға көндірген. Сонымен қатар ер адамға тиесілі пәтерді сатқызып, қаржыны өздеріне беруді талап еткен. Жалпы шығын мөлшері 9 миллион 150 мың теңгеге тең. 

"Күдіктілер анықталды. Олар – Павлодар облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары. Күдіктілерден екінші деңгейлі банктердің үшінші тұлғаға тіркелген 25 картасы мен 10 ұялы телефон тәркіленді. Степногорск полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", –  делінген полиция хабарламасында. 

Талқылау