Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдікке келген тұрғынды жындыханаға жатқызбақшы болған: Павлодарлық шенеунік жұмыстан қуылды

Шенеунік келушіге психбригада шақырып, Павлодарда қызметінен айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті. 

псих

Оқиға Павлодар әкімдігінде болған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов хабарлағандай, Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қабылдауға келген Руза Бейсенбайтегіне психдиспансер дәрігерлерінің бригадасын шақырған. Шенеуніктің бұл әрсі қылығына кешірім жоқ. 

"Қалалық аппарат басшысы Оңғаров қызметінен босатылды", – деді Әбілқайыр Сқақов.

Павлодар әкімдігінде нақтылағандай, осыдан кейін шенеунік өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш жазған.

Шенеунікке келген Руза Бейсенбайтегі әкіммен жеке кездесуді қалаған екен. 

"Ол қазақ тілін дамыту және қолдау мәселесі бойынша қала басшылығымен кездесуді сұрады. Оған азаматтарды қабылдау басқа ғимаратта алдын ала жазылу арқылы жүргізілетінін түсіндірді. Оған барып, жазылу керек болды", - деп нақтылады Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Талқылау