Әкесі мен ұлы 57 жылдан кейін қайта қауышты
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Мертл-Бич қаласының тұрғыны онлайн ДНҚ тестінің көмегімен 57 жыл бұрын өзгелерге асырап алуға беріп жіберген ұлымен қайта қауышты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ричард Макклири ұлы Джимді өмірінде екі рет қана қолына ұстаған. Баласын соңғы рет 1963 жылы көрген. Сол жылы баланың анасы оны өзгелердің асырауына берген.
Содан бері ер адам баласы туралы ештеңе білмей келді. Ричард Джимді табамын деген үмітпен интернеттегі ДНҚ-тестілеуден өтті.
Нәтижелер бір ғана дәл сәйкестік нәтижені көрсетті. Джим де әкесін табу үшін тест тапсырған екен. Ұлы Макклиримен байланысқа шықты.
23 сәуірде Ричард пен Джим араға 57 жыл салып кездесті. Джим әйелімен бірге бір аптаға әкесіне қонаққа келді. Әуежайда кездескен олар бір-бірін құшақтап, жылады. Оңтүстік Каролина штатына көшкенге дейін олар бір-бірінен 30 минуттық қашықтықта өмір сүргені белгілі болды.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?