Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем маған Қазақстанға оралуды өсиет етті": Ауғанстаннан елге келген қандастың ашық әңгімесі

Ауғанстаннан Қазақстанға оралып, Ақмола облысына қоныс құрған Шерали Узбакидің отбасы ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экпресс К" сайтына сілтеме жасап.

кандас

Облыста бірнеше қандастар отбасы тұрады: 10 адамнан тұратын бір отбасы облыс орталығы Көкшетау қаласында тұрса, қалғандары – Атбасар, Бурабай және Сандықтау аудандарына ат басын бұрған.

"Барлық ересектер жұмыспен қамтылады. Балаларды мектеп пен балабақшаларға орналастырамыз. Әр отбасы мүшесіне 70 АЕК, яғни 204 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарлануда. Қаржылық қолдау жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерге бір жылға дейін берілетін болады”, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Қамидолла.


Ауғанстаннан елге оралған этникалық қазақтар алғашқы әсерлерімен бөлісті


Шерали Узбакидің жеті баласы бар және ол Көкшетаудағы жергілікті кәсіпорында жатақханадан орын алған. Болашақта ол сөмке шығаратын зауытта жұмыс істейтін болады.

Шерали Узбаки соңғы уақытта оның отбасына Ауғанстанда өмір сүру қиын болғандығын жасырмайды. Оның айтуынша, Ауғанстанда әлі тәліптердің қысымына ұшыраған туыстары қалған.

"Біздің әкелеріміз бізге әркез қазақ екенімізді айтатын. Менің әкем Ауғанстанға 90-шы жылдары келген. Жан тапсырар алдында ол маған Қазақстанға қайтуымыз керек екенін айтты және мен бұл сөздерді ешқашан ұмытқан емеспін. Біз Қазақстан жайлы өте көп естідік, енді міне туған жерімізге оралдық", – деді Шерали Узбаки.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан Ауғанстаннан қандастарды қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан болатын. 9 қыркүйекте 35 қандас Алматыға арнайы рейспен ұшып келді

Талқылау