Соңғы жаңалықтар

Әкеге арналған туған күнге тілек

Сүйікті әкеңіздің туған күніне арналған әдемі құттықтаулар топтамасы.

Мен үшін әлемдегі ең керемет, ең сүйікті, жанашыр, қамқоршы жанды туған күнімен құттықтаймын! Әке, мейірімділігің мен отбасыңа деген сүйіспеншілігің, қолдауың арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп отырмыз. Сен біздің отбасымыздың мың қол бастайтын қаһарманысың! Күш пен рухтың мықтылығын бойыңа сіңірген дана да, көркем мінезің сені туыстарың, жақындарың, құрбы-құрдастарың ортасында абыройыңды асқақтатып, беделіңді арттырады.

---

Әкелік тәрбие маған өмірде Темірқазықтай жол көрсетті, бағдаршамдай жол сілтеді. Өз балаларымды да дәл өзіңдей ер азамат етіп тәрбиелегім келеді, бізге үйреткенді оларға сіңіргім келеді. Аман бол, бар бол, ғұмырлы бол, жан әке!

---

Бойыңдағы өжеттілік пен қайсарлықты өзіңнен сіңіре білдік. Қыран құстай қырағы болуды үйреттің. Әлі де өзіңнен үйренеріміз көп. Сенің өмір сүруің жанға тыныштық ұялатады, қамқорлықтың бар екенін сездіреді. Алла саған мықты денсаулық, ғұмырлы өмір нәсіп етсін!

---

Әкешім, бала кезде де, осы жаста да өзгеден кем етпей бәрін бердің: махаббатты да, жылулықты да аямадың. Бүгін осы жасқа келіп, есейсек те, өзіңнің сол баяғы кішкене балапандарың боп қала бермекпіз. Сенің орның жүрегімізде ойып тұрып орын алады. Бақытты болуың, сенің тәрбиеңді алып, үмітіңді ақтау – өмірлік мақсат. Сен аман бол, жасыңа жас қос! Қартайма, жасыма! Біз, балаларың, қасыңдамыз!

---

Әр күнің шаттыққа толып, бүгінгідей қуаныштың ортасында жүре бер! Жамбыл атамыздың рекордын жаңартып, тән мен жан сұлылығын, ақылсақтауыңа жаратушым нәсіп етсін. Денің сау, басың аман болсын! Сенің қасыңда өзіңді жақсы көретін сүйікті балаларың, немерелеріңнің барын ұмытпа.

---

Жүзіңіз нұрға толып, қуанып, шаттанып жүре беріңіз, мерекеңіз ұзағынан болсын! Сізді бүгінгі қуанышыңызбе шын жүректен құттықтаймын! Біздің қуанышымыз, асқар тауымыз боп жүре беріңіз! Ғұмырлы болыңыз! Тәтті немерелердің қызығына тоймай жүруді жазсын!

---

Әрбір адамның өмірге үлгі тұтар тұлғасы болады. Бала кезде қаһарман, батыр, ерлер жайлы шығарма жаздыртқанда, менің ұқсағым келетін бір ғана адамым болды. Ол - өзің болдың, әке. Қуанышыңмен құттықтап, саған әлемнің бар жақсылығын тілегім келеді. Көңілің ортаймай қасымызда ойнап-күліп жүре бер!

---

Менің әкемнің әрбір айтқан кеңесі тура және дәл болатын, керегіне жарайтын. Сенен ерлік пен батылдықтың өнегесін алдық. Өзің сияқты сыйлайтын, именетін адам жоқ шығар, бұл дүниеде! Менің жетістігіме шынайы қуанасың, ал мен сенің көңіліңе қаяу түсірмеуге уәде етемін! Жүз жаса, ауырма! Туған күнің құтты болсын!

---

Қиын сәтте әрдайым өзіңнен қолдау таптым. Ақылдылығың мен даналығыңды, немере, шөбереңе үлгі, өнеге етуді жазсын! Осы уақытта біліп, білмей ренжіткен сәттерімізді кешір. Балалықпен, шалалықпен көңіле қаяу түсірген уақыт болса, айып етпе. Сен бізде жалғызсың. Өзіңдей жақын жан бұл өмірде жоқ. Аман бол, әкетай!

---

Әке мен шеше бізді дүниеге әкелген «жаратушыларымыз». Физикалық, рухани тұрғыда осы кісілердің ықпалы мен әсері арқылы өсіп өнеміз. «Әкесіне қарап ұл өсер» дейді қазақ. Менің мықты болғаным әкемнің арқасы деп білем, менің беделімнің болғаны тәрбиемнің көрсеткіші деп есептеймін. Осы орайда, әке, сені жақсы көретінімді айтқым келеді. Маған бергеніңді қор етпейм, келешегіме жеткізем. Сенің сау болғаның, осы қалыпта ақыл-кеңесіңмен бөлісіп, тура жолды нұсқап отырғаның керек. Жасыңа жас қоса бер!

---

Дана, көреген, парасатты – осы қасиеттер бұл жанның бойында тоғысқан. Туыс, жақындарыңыз, әріптестеріңіз арасында қадірлі боп, еңбегіңіздің жемісін жеп жүре беріңіз!

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр