Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Аида Балаева
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аида Ғалымқызы Балаева енді қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Аида Балаева Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

1999-2002 жылдары Алматы облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2002-2004 жылдары Алматы қаласының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің бастығы болған.

2004-2005 жылдары Алматы бойынша ақпарат басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2005-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директор орынбасары және директоры болған.

2010-2014 жылдары Балаева елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2014-2019 жылдары – Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.

2019-2020 жылдары – Президенттің көмекшісі, Президент әкімшілігінде өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бастығы болған.

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарып келеді.

Еске салсақ, Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалғаны айтылды. 

Қырмызы Скендір
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2026 14:23