AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған - Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған. Болған оқиға жайлы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл ҰБТ "бір компьютер-екі камера-бір тест тапсырушы" ұстанымымен өтті. Негізгі камераға қосымша фронталды камера қосылды. Оны қосудағы мақсат - тестілеуге бөгде адамдарды кіргізбеу. Бізде бір адам орнын өзге біреумен алмастырмақ болды. Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болды. Бірақ биометрияның, бет-жүзді анықтаудың көмегімен біз оған жол бермедік. Тиісті шаралар қолдандық", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Ол 2021 жылы ҰБТ кезінде осындай 18 факті тіркелген. Есесіне биыл тестілеуге тыйым салынған заттарды алып кіру мен ереже бұзу фактілері әлдеқайда аз тіркелген.

"Егер 2021 жылы тыйым салынған заттарды кіргізудің 756 фактісі тіркелсе, биыл оның саны - 327. Бұл көрсеткіштің төмендеуі 2022 жылы тестілеуге мұндай қатысушыларды өткізбеу нормасын енгізумен байланысты. Мысалы, 2019 жылы тестілеуге кіру кезінде 128 мың тыйым салынған зат анықталды. Биыл шпаргалка мен смартфондарды алып кіргісі келетіндердің қатары 400 есеге қысқарды", -  деді Емелбаев.

Тестілеу кезінде ережені бұзған 322 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Ал былтыр бұл көрсеткіш - 1305 адамға дейін жеткен.

Сондай-ақ, орталық директоры 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін барлық видео жазбалардың тексерілетінін ескертті. 

"Егер ҰБТ кезінде ереже бұзудың немесе тыйым салынған заттарды қолдану фактісі анықталса, оның нәтижесі жойылады, білім беру гранттары да қайтарылады. Мысалға айтатын болсам, 2020 жылы бұл норма алғаш енгізілген кезде 152 талапкердің, ал 2021 жылы 52 талапкердің нәтижесі жойылды", - деді Емелбаев.

Әзірге ҰБТ нәтижесі бойынша 15 қатысушының нәтижесі жойылды. 200-ден аса тест тапсырушының нәтижелері тексерілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр