AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағаш таяқпен сабаған": Алматы облысында фермер өз жұмысшысын аяусыз соққыға жықты

Талдықорғанда шаруа мен оның мал шаруашылығы қызметкері арасында жанжал шығып, жұмыс беруші қызметкерін соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер Талдықорған қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ферма қызметкерін аяусыз соққыға жыққан деген күдікке ілінді.

Анықталғандай, жәбірленуші отбасымен осы фермада тұрып, ондағы мал баққан.  Ферма қожайыны мен малшы екеуінің арасында жанжал туындап, содан кейін ферма қызметкері әйелі мен кәмелетке толмаған балаларын алып, сол жерден кетуге шешім қабылдады.

Полицейлердің болжамынша, 43 жастағы күдікті Лексус-470 көлігімен жұмысшысын қуып жетіп, оны құлатып, ағаш таяқпен аямай соққыға жыққан.

Дәрігерлер жәбірленушіге асқынған гемопневмоторакс, тоғыз қабырғасы мен иық сүйегінің сынуы деген диагноз қойды. Ер адам облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ұстау кезінде күдікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған", - деп хабарлады Ақсу аудандық полициясы.

Құқық қорғау органдары "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр