Адамдардың болашақта сүттен және еттен бас тартатындығы айтылды
Әлемде сүт және ет өнімдерін тұтыну күрт төмендейтіні айтылды. Бұл ақпаратпен француздық Danone ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы Эммануэль Фабер бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фабердің айтуынша, сүт өнімдерін тұтыну 20 пайызға, ет өнімдері пайдалану 50 пайызға дейін азаяды екен. Мұның себебін ол адамдардың үй жануарларынан келетін өнімдерге балама тағамдарды жаппай пайдалануы дейді. Сонымен қатар Фабер тұрғындардың заманауи тамақтану рационы олардың денсаулығына кері әсер ететіндігін, бұған қоса ауыл шарушылығы техникаларының топырақты зақымдайтынын жеткізді.
Euromonitor сараптамалық қызметінің мәліметіне сәйкес, қазір сүт өнімдері ең көп сатылатын азық-түліктердің көшін бастап тұрған көрінеді. Десек те бұл көрсеткіш 4 жылдан бері төмендеп келеді екен.
Бұған дейін еттің адам ағзасы мен табиғатқа зияны көп екендігі айтылған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн