Абзал Әжіғалиев пен Михаил Шайдоров бастаған спортшылар бүгін жарыс жолына шығады

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары өз жалғасын табуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
10 ақпанда Қазақстан құрамасының спортшылары бес спорт түрі бойынша сынға түседі.
Шаңғы жарысы (спринт)
13:15 – әйелдер арасындағы спринттің іріктеу кезеңі. Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина жарысқа қатысады.
Жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда:
• 1/4 финал – 15:45
• Жартылай финал – 16:45
• Финал – 17:13
13:55 – ерлер арасындағы спринт іріктеу кезеңі.
• 1/4 финал – 16:15
• Жартылай финал – 16:57
• Финал – 17:25
Шорт-трек
14:30 – әйелдер арасында 500 метр. Ел намысын Яна Хан мен Ольга Тихонова қорғайды.
15:10 – ерлер арасында 1000 метр. Бұл сында Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев медальға таласады.
15:59 – аралас командалық эстафета (1/4 финал).
Құрама құрамы:
• Денис Никиша
• Абзал Әжіғалиев
• Яна Хан
• Ольга Тихонова
Команда келесі кезеңге өткен жағдайда:
• Жартылай финал – 16:34
• Финал – 17:03
Фристайл-могул
15:15 – ерлер арасындағы іріктеу. Қазақстан атынан Павел Колмаков өнер көрсетеді.
18:15 – әйелдер арасындағы іріктеу. Бұл кезеңде Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әміренова жарыс жолына шығады.
Биатлон
17:30 – ерлер арасында 20 шақырымдық жекелей жарыс. Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов бақ сынайды.
Тікелей эфир Олимпиаданың ресми сайтында көрсетіледі.
Мәнерлеп сырғанау
22:30 – ерлер арасындағы қысқа бағдарлама. Қазақстандық Михаил Шайдоров мұз айдынына шығады.
Айта кетейік, Олимпиада-2026 Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр. Қазақстан 10 спорт түрінен а 36 спортшы ел намысын қорғауда. Дүбірлі додаға 95 елден 2871 спортшы жиналған. Олимпиада аясында 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы бәсеке 22 ақпанға дейін жалғасады