Абай облысында жарыс кезінде автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті (видео)
Бүгін сағат 06:00 шамасында Абай облысындағы Полковничий аралында жарысып келе жатқан автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Абай облысы полиция департаменті
Оқиға 5 қаңтар күні таңертең Полковничий аралындағы Орлиное гнездо ауданында болды. Жарысып келе жатқан автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша, көлік ішінде төрт адам болған.
“Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Ақмола облысындағы тас жолда соқтығысқан көлік саны 95-ке жетіп, он бір адам ауруханаға жеткізілгені туралы жазған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”