96 жастағы жапондық Сигэми Хирата ЖОО-ның ең қарт түлегі атанды
Дипломын қолына алған 96 жастағы жапондық Сигэми Хирата ЖОО-ның ең кәрі түлегі атанды.

Сурет nordportal.ru
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Жапондық азамат университетке түсу-түспеуі жайында өмір бойы ойланғанын айта кету керек. Ақыры 85 жасында балалары мен немерелері оны оқуға түсуге көндірді. Егде жастағы студент Киотоның дизайн университетінде 11 жыл бойы поэзияны оқып, ақыры оның түлегі атанды.
ЖОО-ы 96 жасында бітірген жапондық азамат Гиннестің рекордтар кітабына кіріп, бұрын Альфонсо Гонсалес саналған ең кәрі түлек атағын алды.
Сигэми Хирата бұл жетістігімен шектелмей, 100 жасына ғылыми дәреже алуды жоспарлап отырғанын атап өтейік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған