8 жасынан бастап жарнамаға түскен: Қазақстаннан асырап алған қыз АҚШ-тың актрисасына айналды
АҚШ-тың жұбы асырап алған қарағандылық қыз америкалық актрисаға айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: baigenews.kz
16 жастағы Стелла Смит «Қара найзағай» атты телехикаяға түскен. Ол 3 маусымда пайда болатын Грейс есімді бойжеткеннің рөлін сомдапты. Сценарий бойынша ол алдағы уақытта таңғажайып күшке ие болатын көрінеді.
Бұл Стелланың кинодағы бірінші рөлі емес, ару жарнамаларға жиі түседі екен. Ал оның киноадғы алғашқы рөлі «Қыз және оның зомбиі» атты фильмінен басталған.
Стелла – Либерти мен Лаура Смиттердің жалғыз қызы. Қазақстан соты нәрестені асырап алуға 2004 жылы рұқсат берген. Ол жастайынан модельдік бизнеске бет бұрып, актерлік шеберлігін шыңдау мақсатында арнайы курстарға қатысқан. 8 жасында жарнамаға алғаш рет түскен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар