8 шілдеден бастап Қазақстанда тағы бірнеше пойыз қозғалысы тоқтайды
"Жолаушылар тасымалы" компаниясы бірнеше жолаушылар пойыздарының жүруін уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, пойыздар жүрмейді:
- №41/42 "Атырау-Алматы-1" Атыраудан 9 шілде жүреді, Алматыға 11 шілдеде келу/кету;
- №313/314 "Атырау-Маңғыстау" 8 шілдеден Атыраудан жөнелту, 9 шілдеден Маңғыстауға келу/кету;
- №692/691 "Ақтөбе-Атырау" 7 шілдеде Ақтөбеден жүреді, 8 шілдеден бастап Атырауға келу/кету;
- №77/78 "Алматы - 2-Маңғыстау" және № 313/314 "Атырау - Маңғыстау" жолаушылар поездарының құрамында қатынайтын "Алматы-2-Құлсары" тікелей қатынайтын вагондар.
"Бұрын осы пойыздарға билеттер сатып алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты 105 нөмірі бойынша білуге болады", - деді компания өкілдері.
Бұдан басқа, ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирус пандемиясының таралу кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген