70 жастағы Людмила әжей сирек кездесетін баталар жинағын шығарды (видео)
Людмила Байқадамова жас кезінен қазақша бата оқығанды жақсы көреді. Ол тіпті ақсақалдар мен әжелердің аузын бағып жүріп, жақында сирек кездесетін баталардың жинағын шығарды.

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.
70 жастағы Людмила әжей ер адам бар кезде әйелдер бата оқымайды дейді. Дегенмен, ол ер адамдардың рұқсатымен батаның әртүрін оқыған. Оның топтамасында қыздарға және ұлдарға арналған баталар да бар. Сондай-ақ, туыстар бір-біріне беретін оның ішінде нағашы мен жиен арасындағы бата да бар екен.
“Әрине, олар көбінесе әзілге құрылған. Мейірімді, бір жағынан күлкілі бата береді туыстар кейде”, – дейді ол.
Ол кісі сонымен қатар, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының да батасын жатқа біледі. Қазіргі таңда қоржынында сирек кездесетін, ұмытылып бара жатқан мақалдар мен мәтелдер де жинақталған.
Оқи отырыңыз:
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті