AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарттар ешқашан аш қалмайды деп өзіме уәде бердім": Алматылық әйел зейнеткерлерге 7 жыл бойы не үшін тегін тамақ таратып жүргенін айтты

Алматылық Расима Темербаева жеті жыл бойы зейнеткерлерге тегін түскі ас таратып келеді. “Добрые обеды” деп аталатын әлеуметтік жобасы аясында бүгінде ол 220 мыңнан аса ыстық тамақты мұқтаж жандарға ұсынып, қажет жағдайда мұңын тыңдап, психологиялық, заң тұрғысынан көмек берген. Расиманың сөзінше, бұл жоба нағашы әжесіне арналған. Ол кісі ашаршылық уақытында жетім қалып, балалары мен немерелерін асқа, адамдарға мән берудің маңыздылығын сіңіріп өсірген. Stan.kz редакциясына берген сұхбатында алматылық тұрғын тегін тамақты не үшін таратып жүргенін және оны қалай алуға болатынын айтып берді.

Расима Темербаева www.facebook.com/rasima.temerbaeva

Алматылық Расима бұл әлеуметтік жобаның идеясы өзінің бала кезден бері келе жатқан мұңымен тікелей байланысты екенін айтады. Ашаршылық кезінде қиын тағдырды бастан өткерген әжесінің қазасынан соң Расима өзіне "қарттар ешқашан аштан қалмайды” деп уәде берген.

Бастапқыда бір күнде он бес түскі астан таратылып басталған әрекет күніне 200 тамақ таратылатын үлкен қайырымды жобаға айналған. 

Расиманың бірінші мамандығы психолог. Бұрыннан келе жатқан клиенттеріне консультация өткізеді. Одан түскен қаражаттың жартысын жобасына салып, қажетті шығындарды өтейді. 

“Бала кезден психикалық зақым алдым. Себебі әжем өңеш ісігінен көз жұмған. Сонда мен “қарттар еш уақытта аш қалмайды” деп өзіме уәде бердім. Бала кезден үлкен кісілерге көмектесіп, дүкенге апарып келетінмін. Көп балалы аналармен де дос болып, үйге қонаққа шақырып тұратынмын. Кейіннен білім алған соң, жұмыс істеп ес жинаған соң, тегін асхана ашу идеясы келді. 20 жылдан аса уақыт көп нәрсеге үйреніп жүрдім. Сәті түсіп, 2015 жылы жобаларды жүзеге асыруға арналған тегін тренингке шақырды. Сонда алғаш рет өзімнің арманым туралы ашып айттым, сол жерде біз оны жүзеге асырудың жоспарын жүргіздік. Күзге қарай зейнеткерлерге арналған осы жобам өмірге келді”, – деп есіне алады Расима. 

Расима Темербаева www.facebook.com/rasima.temerbaeva

Тегін тамақ таратудың басты мақсаты – әлеуметтендіру. Тек тамақ беріп қоймай, қарттардың бір-бірімен араласуына сеп болу. Осылайша жас буынға мұқтаж жандарға көмек беруге болатынын көрсету, дейді жоба жетекшісі. 

“Бізде екі аптаға арналған мәзір бар. Көптеген адамда қант диабеті және ас қорыту жүйесінде проблемалары болуы мүмкін, сондықтан диеталық тағамдар бар. Тамақтың бәрі – үйдікі, оларды аспаздар дайындайды”, – дейді ол.

Қазір ұжымда 14 қызметкер жұмыс істейді. Қызметкерлердің еңбекақылары халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы төленеді екен.

Расима Темербаева www.facebook.com/rasima.temerbaeva

“Краудфандинг арқылы қаражат жинап, азық-түлік пен жалға алынатын орынның ақысын төлейміз. Консультация беріп тапқан табысымның жарты бөлігін, жобама құямын. Бізге көбіне қарапайым адамдар көмектеседі, кәсіпкерлер жоқ. Бірақ ай сайын бізге үнемі қаржы жағынан және азық-түлікпен көмектесетін жақсы жандар табылады”, – дейді Расима.

Сондай-ақ, алматылық әйел жобаның түрлі марапаттарды иеленгенін де атап өтті. 

Былтыр жоба ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен және Алматы қаласының Іскерлік кеңесінің қайырымдылықты дамыту номинациясымен марапатталды. 

Расима Темербаева, жеке архивтен

“Еріктілер көп, сондықтан жобаны 7 жыл бойы алып жүру мүмкін болып отыр. Егер жақсы адамдардың қолдауы болмаса, онда жоба ұзаққа бармас едік. Мұқтаж жандар өте көп. Өкінішке қарай, бәрін қамту мүмкін емес. Жобаны бүкіл елде дамытып, ауқымды ету жоспарда бар. Бізде кезекке тұратын негізінен ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлер. Олардың қатарында бұрынғы дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер және т.б. бар”, – дейді ол.

Айтуынша, келушілердің орташа жасы – 82-85.

“Зейнеткерлердің жастары әртүрлі. Ең үлкені 92 жаста. Ол бізге өз бетімен екі көше төмен түсіп келеді. Жұмысқа тұра алмай жүрген орта жастағы зейнеткерлер бар. Жақсы эмоцияда қайтады, қалжыңдап қоямыз.  Ақпарат алмасып, рецепттермен бөлісеміз”, – дейді ол. 

Алайда келушілер арасында дайын тағамға риза болып қайтатындар үнемі бола бермейді. Кейде адамдар әдейі ұрсу үшін келеді, дейді жоба жетекшісі. 

Расима Темербаева www.facebook.com/rasima.temerbaeva

“Егер әрдайым көңілдері толмайтынын байқасақ, оларды келесі жолы қабылдамаймыз. Бұрын бірнеше адам ұрсу үшін арнайы келетін. Бір-екі жағдай болса, түсінесің, бірақ күн сайын бұған төзуге болмайды. Ал енді мас адамдарға тамақ бермейміз, араққа ақшасы табылса, тамаққа да табылады”, – дейді алматылық әйел.

Әдетте зейнеткерлер тамақ ішіп қана қоймай, бір-бірімен сөйлесіп, байланыс орнататын көрінеді. Алайда жоба өкілдері олардан жеке ақпараттарды сұрастыра бермейді. Тек өздері айта бастаса тыңдап, құлақ түреді. Қажет кезде психологиялық, заң жағынан көмек беруге дайын. 

“Күн сайын бір жағдай болады. Сипаттау қиын. Келушілердің көбі – тұрақты зейнеткерлер. “Балаларыңыз бар ма?” деп сұрағанда, “жұмыста, түрмеде, зиратта” деп жауап береді. Негізінен жеке өмірлері туралы сұрамаймыз. Өздері айтқылары келсе айтады. Зейнеткердің бірі қайтыс болса, көңіліміз қатты құлазиды. Бір-бірімізді жұбатып қоямыз. Құрбан айт күндері адамдар әкелген ет бүкіл жылға жетеді. Жиын өткізу үшін бізден тамақ тапсырыс беретіндер бар. Ондайда банкет жасамай, мұқтаж жандарды тамақтандырады”, – дейді жоба жетекшісі. 

“Кез келген мұқтаж зейнеткер бізге келе алады. Тамақ үшін немесе жай ғана жылы сөз үшін. Зейнеткерлер жеке куәліктері мен зейнеткер куәлігін көрсетуі тиіс. Ең басты талап адамның мас болмауы”, – дейді Расима Темербаева.

Қазір Алматыда тегін түскі астар екі мекенжай бойынша таратылады. Тамақ тарату сағат 16:00-ден 16:30 аралығында Шашкин 16 көшесі және Попов пен Жандосов-Айманов көшелерінің жоғары аймағында жүргізіледі. 

 

Расима Темербаеваға қандай да бір

материалдық қолдау көрсетем деушілерге

Kaspi GOLD 4400 4301 9737 6707

телефон нөмір: 8-705-193-0858 Расима Т

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр