AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"600 науқас күтуге мәжбүр": Алматыдағы онкологиялық орталықта қажетті препарат жоқ

Алматыда 600-дей науқас ағзасында қатерлі ісіктің бар не жоғын анықтай алмай отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Онкология және радиология институтындағы диагностикалық сканер жұмыс жасамайды. Өйткені Ядролық физика институтында адамның ағзасын сканерлеу алдында қабылдайтын радиофарм препаратын шығаратын модуль синтезі істен шыққан. Соның салдарынан еліміздегі жалғыз өндіруші мекеме шаһардағы обырдан емдейтін қос медициналық мекемеге дәріні жеткізуін тоқтатыпты. Енді науқастар тексерістерін кейінге шегеруге немесе өзге қаладағы онкоорталықтарға аттануға мәжбүр.

Құрылғыны Республикалық онкология және радиология ғылыми институтына осыдан төрт жыл бұрын орнатқан. Ол – адам ағзасын сканерлеу арқылы қатерлі ісіктің ошақтарын анықтайды. Яғни індеттің бар жоғы мен қоса, қай мүшеде орналасқанын және қандай сатыда екенін көрсетеді. Жаңа технологияның көмегімен жүз мыңнан астам науқас індетін білген. Алайда соңғы уақытта құрылғы жұмыс істемей қаңырап тұр. Өйткені диагностиканы бастаудың алдында пациент қабылдайтын радиофарм препараты жоқ.

“Циклотрондағы модуль цинтезінің істен шығуына байланысты қазір радиофармпрепарат өндірілмейді. Егер науқаста ПЭТ-КТ зерттеу көрсетілген. Бірақ осы ПЭТ-КТ зерттеуін басқа ешқандай инструменталдық әдіспен алмастыра алмастыра алмайтын болсақ, онда ол науқастарды Нұр-Сұлтан қаласындағы немесе Семей қаласындағы ПЭТ-КТ орталықтарына жібереміз”, – дейді ҚазОРҒЗИ Радиология және ядролық медицина бөлімшесінің меңгерушісі Жандос Аманқұлов.

Радиофарм препарат елімізде Алматының іргесіндегі жалғыз Ядролық физика институтында шығарылады. Ондағы мамандар модуль синтезінің істен шығатынын бір жыл бойы ескертіп келіпті. Содан бері науқастар зардап шекпесін деген мақсатта Энергетика министрлігі пен МАГАТЭ ұйымына да хат жолдаған. Алайда одан еш нәтиже жоқ. Енді тықыр таянған сәтте серіктестері болған онкоорталықтарға қолқа салуға мәжбүр.

“МГТ тоқтады деген сөз – жаман ауруға қарсы диагностикаға қарсы біз жұмысты тоқтаттық деген сөз емес. Біз осы сұранысты былтырдан бастап қажетті органдарға жазғанбыз. Одан бөлек, жаңағыдай екі компания жекеменшік компаниялар өздері алып беріп жатса, болашақта қаржылық жағдайымыз дұрысталып жатса институттың онда біз өзіміз де қосымша бюджеттік емес қаржылардан оны сатып алуға мүмкіндігіміз болған кезде сатып аламыз”, – дейді Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.

Елімізде қатерлі ісікпен ауыратын 170 мыңға жуық науқас бар. Ал, жыл сайын 30 мың адамнан обыр анықталады.  Қазірдің өзінде 20-дан астам пациентті ПЭТ-КТ-ға түсу үшін Семей қаласына жіберуге мәжбүр болған. Ал модуль синтезі Еуропадан жеткізілгенше екі ай уақытты қажет етеді екен. Осылайша онкоинститут мамандары науқастарды аталған томографияға түсіру 15 тамыздан басталады деп үміттенеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр