Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 млн оқырманы бар танымал қазақстандық блогер бұғатталған парақшасын қайтарып алды

Instagram әлеуметтік желісінде Super.mamаsita лақап атымен танымал болған Әлия Байтугаеваның бұған дейін бұғатталған 5 миллиондық парақшасы иесіне қайтарылды. Бұл туралы блогер парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлия Байтугаеваның парақшасын Instagram әкімшілігі әлеуметтік желі ережелерін бұзғаны үшін бұғаттаған. Соның ішінде, балалар контентін сториске салғаны үшін Instagram блогер парақшасын зорлық-зомбылықты, қылмыстық іс әрекетті насихаттау құралы деп санаған.

Парақшасы қайтарылмайтынын білген блогер көзіне жас алып, желіні шулатқан еді. Қазіргі уақытта  Әлия Байтугаева 5,7 миллиондық оқырманы бар Instagram парақшасын қайтарып алған. Мәліметтерге сүйенсек, ол арнайы бағдарламашы жалдап, Facebook-ке аккаунтының әділетсіз әрі негізсіз бұғатталғанын жеткізген. 

"Осы ай мені біраз әбігерге салды. Отбасым толықтай Instagram-ға кірмедік. Менің блогымды алты рет бұғаттады. Соңғы рет маған Facebook-тен аккаунтымның енді қайтарылмайтыны жайлы хат келді. Сол кезде мен бағдарламашы іздей бастадым. Таптым! Тек үміт пен күту керек болды. Кеше Facebook жауап берді. Бағдарламаушы менеджермен телефон арқылы сөйлесіп, менің тарапымнан ешқандай ереже бұзу болмағанын айтты", - дейді ол.

Алайда мен мұны белгі деп қабылдадым, дейді блогер. Айтуынша, бұл сынақ кей мәселелерді шешіп, назар аудару үшін қажет болған. Себебі, ештеңе себепсіз болмайды.

Желі қолданушылары арасында блогерге қолдау беріп жатқандар табылды. "Келгеніңіз қандай жақсы болды", "Сізді сағындық", "Сіздің келетініңізге сендім" деп жазды олар. 

 

Талқылау