Балаларын қан жоса қылып төбелестірген ер адамдар елдің ашуын тудырды
Желіде ер адамдардың мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндерді бір біріне айтақтата төбелестіргені елдің ашуын тудырды.

Желіде тараған видеода ер адамдардың екі бүлдіршінді айнала қоршап алып төбелестірген. 5-6 жасар ұл балалар бір бірін аяусыз ұрып төбелеседі. Кішкентай баланың бірі екіншісін қан жоса қылып ұрып тастаған. Мұны көрген желі қолданушылары жағасын ұстап, кішкентай балаларды бір біріне айдап салған ер адамдарға ашуланды. Оқырмандар ер адамдардың олардың әкелері екенін жазуда. Олар балаларын төбелесуге емес, дос болуға үйрету керек екенін айтады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен