Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"47 жасында қалай босанбақ": Баян Мақсатқызының жүкті екені рас па?

Қазақ шоу-бизнесі үшін бұл апта жаңалықтарға бай болды. Әлем желінің жұлдыздарына тоқталсақ, ең көп қаралым жинаған Баян Алагөзованың парақшасы. Желі қолданушылары продюсердің жүктілігі жайлы жазып жатыр. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Жолдасы Тұрсынғали мырзамен бірге бидің түбін түсірген продюсер көпшіліктің көзіне түсті. Желі қолданушылардің оның биіне емес, кең етек көйлегіне көзі түсті. Аңғарымпаз желі қолданушылары продюсер ханымның аяғы ауыр деп топшылады.

Пікір қалдырушылардың дені Алагөзовадан жүктілігі туралы сұрап, сауалдарын жаудырып жатыр. Бірі Баян Мақсатқызын шын жүректен құттықтап, ұлды болуын тілесе, басқалары биыл 46 жасқа толған продюсер үшін ана атану  денсаулығына ауыр болуы мүмкін деген ойын айтты. 



Баян ханымның өзі жүктілікке қатысты ақпаратты растап та, жоққа шығарып та отырған жоқ. Ал дәл осылай 46 жасында бала көтеріп, 47 жасында ана атанған актриса Гүлнәр Байбосынова Баян ханымға тек сәттілік тілейді. 

"Мен 47 жасымда ана атандым. Қартайғанда бала не керек деп жатқандар болды. Қазір 54 жастамын. Балам өсіп келеді. Баян да талай сыннан өтті. Әр адам, әр әйел бақытты болуға лайық. Сондықтан аман-есен босанып, ана атануына тілектеспін. Отбасында ұл бала өмірге келсе, тіпті жақсы болар еді. Кім қай жаста ана атанса да, балалы болудан асқан бақыт жоқ. Менің тағдырым осындай", - деді актриса Гүлнәр Байбосынова.  

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы продюсері Баян Алагөзованың жүктілігі жайлы естімегенін айтты. 

"Мен Баян ханымның жүктілігі жайлы естіген емеспін. Әлеуметтік желіде ол кісінің жазғандарын оқимын, бірақ жүктілігі туралы естіген жоқпын. Егер бұл ақпарат рас болса, мен тек қуаныштымын. Міндетті түрде хабарласып құттықтап қоямын", - деді шәкірті Ақбота.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр