426 мың теңге: Қазақстанда университет оқытушыларының жалақысы өсті
Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев еліміздегі университет оқытушыларының жалақысы кейінгі үш жылда қанша өскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитет төрағасы Әділет Тойбаев университет оқытушыларының жалақысы жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті.
“Кейінгі үш жылда еліміздегі оқытушылардың жалақысы өсті. 2021 жылы жалақы орташа есеппен 222 549 теңге, 2022 жылы 369 357 теңге, ал 2023 жылы 426 472 теңгеге жетті. Бұл шаралар оқытушылардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге, олардың кәсіби өсуін ынталандыруға және біліктілігін арттыруға бағытталған”, – деп айтты комитет басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда педагогикалық дипломы жоқ мамандарға да мектептерде сабақ өтуге рұқсат берілетіні туралы хабарлаған едік.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"