404 млн теңге: Су тасқынан зардап шеккен мақтаралдықтардың шығыны есептелді
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Мақтарал ауданында су басқан тұрғындардың шығыны алдын-ала болжам бойынша 404 млн теңгеге бағаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мақтарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылық саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Қазірдің өзінде 3600 гектардан астам егіндік жерлердің су астында қалғаны анықталған. Алдын ала болжам бойынша шығын көлемі 404 млн теңгені құрап отыр", - деді Сәкен Қалқаманов.
Дегенмен, нақты ақпаратты су кеткеннен кейін айтуыға болады. 95 маман егістік пен мал шығындарын есептерін жүргізіп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен