"40 күндігін күтуің керек": Жақында әпкесінен айырылған Сәкен Майғазиев тойға барып, сынға қалды
“Музарт” тобының әншісі, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев тойға барып, оқырмандарынан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/
Айта кетейік, жақында өнер иесінің үлкен әпкесі қайтыс болған еді.
“Екінші қызымыз Мәриямның кіндік әке-шешесі, досымыз Серікзат Дүйсенғазының 50 жасына келіп қалдық. Той да, шығармашылық кеш те керемет өтті. Сәкең мен Айнұр – біздің отбасылық достарымыз. Амандықта жолығайық! Жақсы күндер көп болсын”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің іс-әрекетін сөз етіп, сынға алды.
“Жақында ғана әпкесі қайтқан жоқ па, неге той тойлап жүр”, “Бұл әруақ сыйламағанмен бірдей”, “40 күндігін өткізіп шығу керек”, “Той-томалаққа әзір бармағаны дұрыс еді”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, жақында өнер иесі әпкесінің неден көз жұмғанын айтқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады