"40-42 градус аптап ыстық": Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Алдағы күндері Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола облысында аптап ыстық болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Аптап ыстық бір аптаға созылады деген болжам бар.
“26 маусым сағат 20.00-ден 30 маусым 20.00-ге дейін солтүстікте, Алматы облысының орталығында ауа температурасы +40-42 градусқа дейін жоғарылайды. Төтенше өрт қаупі сақталады”, – деп дабыл қақты төтенше жағдайлар қызметкерлері.
Ақмола облысында 26, 27 және 28 маусымда облыстың батысы мен оңтүстігінде сынап бағанасы +35..+38 градусқа дейін көтеріледі.
Қарағанды облысында 25 маусым күні облыстың батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Бұған дейін Меккедегі қажылық кезінде аптап ыстықтан кем дегенде 922 адам қаза тапқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады