Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жасар балаға темекі берген жігіт түрмеге отыруы мүмкін (видео)

Сауд Арабиясының тұрғыны 3 жасар балаға темекі бергені үшін түрмеге түсті. Немере ағасының баласына темекі тұтатып берген жігіт айыппұл төлеп, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы Metro жазды.

Видеода баланы тізесіне отырғызып алған ер адам оның ауызына тұтанған темекіні салды. Бала темекінің иісінен тартыншақтаса да әрекетін жалғасытыра берді. Оның бұл қылығына ер адамның өзі мен видеоны түсірушілер күліп жатты.

Бұл видео жәліде қызу талқыға түсті.

Полицияның мәліметінше, бала ер адамның немере ағасының баласы болып шықты.

Ер адам бұл әрекетін жақсы жағынаан істегенін айтып ақталды. Оның айтуынша, бала ауызына темекі сала бергесін, оған сабақ болсын деп темекіні тұтатқан.

Енді жігіт ірі көлемде айыппұл төлеп, түрмеге отыруы мүмкін.

Тағы оқыңыз: 

Сыныптастарынан қорлық көрген бисексуал бала өзіне қол жұмсаған

Жолбарыс өзін асырап өсірген зообақ қызметкерін өлтіріп тастады

84 жастағы ер адам миының бір бөлігі жоқ болса да, өмір сүріп келген

Адамзат 2600 жылы жойылады: Стивен Хокингтің үш болжамы

Талқылау