Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"275 тағам түрі, Рианна және Марк Цукерберг": Үндістанда 113 миллион долларлық той өтіп жатыр

Үндістандық миллиардер Мукеш Амбани кенже ұлына әлемдегі ең қымбат тойлардың бірін жасап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Reuters

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тойдың бағасы 113 миллион долларға түскен. VIP қонақтар арасында Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг пен АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон, әнші Рианна бар.

Мукеш Амбанидің 28 жастағы ұлы Анант үнді өнеркәсіпшісі Вирен Мерчанттың қызына үйленді.

Фото: Reuters

Радхика Мерчант пен Анант Амбани ресми түрде 12 шілдеде үйленген. Алайда екеуінің тойы енді ғана Индияның Джамангар қаласында өтті. Аталған рәсімге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңға жуық қонақ келді. 

Фото: Reuters

Әрбір қонақ алдын ала брошюра алған. Онда ережелер жиынтығы, киім үлгісі бойынша ұсыныстар көрсетілген. 

Ең үлкен экскурсия "Туск соқпағында" болады. Табиғат аясында қонақтар жүздеген піл мен жыртқыш жануарларды көреді. Тағы бір экскурсия Амбани отбасына тиесілі Вантара жануарларын құтқару орталығында өтеді.

Мерекенің барлық қатысушылары үндінің ұлттық киімдерімен қамтамасыз етілді. Арнайы шақырылған жүздеген визажистер мен стилистер оларға сариді дұрыс орап, қолдарына дәстүрлі хна өрнектерін жағуға көмектесті.

Дәмі мен диеталық талғамына қарай қонақтар таңғы астың 75 түрін, ал түскі астың 225 түрі, кешкі астың 275 түрін таңдай алады. 

Мукеш Амбанидің есімі Forbes миллиардерлер тізімінде тоғызыншы орында. Оның Reliance Industries корпорациясы мұнай мен газ өндіруге маманданған. Амбанидің байлығы 111 миллиард долларға бағаланады. Мерчант отбасында фармацевтикалық компания бар.


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Талқылау