Қазақстандықтар “әдемі” күні үйленуден рекорд орнатты
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "сәнді күннің” Қазақстандағы неке қию статистикасына қалай әсер еткенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, Қазақстанда "әдемі” сандардан тұратын 25.02.2025 күні рекордтық мөлшерде неке қиылған.
"Бұл күні елімізде мыңға жуық отбасы құрылған, бұл әдеттегі күндердегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. 25 ақпанда еліміздің АХАТ бөлімдерінде нағыз үйлену бумы болды", — делінген хабарламада.
Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады
Мәліметке сәйкес, абсолюттік рекордты Алматы, Астана және Қостанай облысында болған. Ал сандардың "сиқырына" ең аз сенетіндер Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындары болып шықты.
"Әдеттегі күндері Қазақстанда шамамен 500 неке тіркеледі, бұл 2025 жылдың 25 ақпанындағы көрсеткіштен екі есеге аз", — делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.