Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылы жұмыс кестесі икемді қандай мамандықтар сұранысқа ие болды

2025 жылы жұмыс кестесі икемді қандай мамандықтар сұранысқа ие болдыФото: Ru.freepik.com

2025 жылы Қазақстанда икемді жұмыс кестесін ұсынатын бос жұмыс орындар арасында сұранысқа ие мамандықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған мамандықтар бойынша 9:00-18:00 кестесіне байланбай, икемді жұмыс кестесімен жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ қызметкерлерге ұсынылған орташа жалақы мөлшері де көрсетілген.

  • Сатушы-кеңесші, сатушы-кассир – орташа жалақы шамамен 274 895 теңге;
  • Даяшы, бармен, бариста – 354 492 теңге;
  • Аспаз, наубайшы, кондитер – 384 924 теңге;
  • Мұғалім, оқытушы, педагог – 398 000 теңге;
  • Курьер – 635 603 теңге;
  • Әкімші – 300 000 теңге;
  • Жүргізуші – 500 044 теңге;
  • Сату және клиенттермен жұмыс менеджері – 500 000 теңге;
  • Дәрігер – 615 857 теңге;
  • SMM-менеджер / контент-менеджер – 246 933 теңге.

Бұл тізім 2025 жылғы hh.kz платформасында жарияланған вакансияларға негізделіп жасалды.

Көріп отырғанымыздай, соңғы бір жылда еңбек нарығында бұл мамандықтардың сұранысы айтарлықтай өсім көрсетсе, кейбіреулері керісінше төмендеді. Мысалы, сатушы-кеңесші, сатушы-кассирлерге сұраныс 60,5%-ға артқан. Сол сияқты мейрамхана қызметкерлерін іздегендер көбейген – 295%-ға, ал аспаздар, наубайшы мен кондитерлер үшін бос жұмыс орындары былтырмен салыстырғанда 359,0%-ға өскен.

Әкімші вакансиясының саны169,7%-ға, дәрігерлерге арналған бос жұмыс орны 72,4%-ға артқан.

Алайда кейбір мамандықтарға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Мысалы, жеткізушілерге арналған бос жұмыс орындар -49,9%-ға, педагогтар үшін -41,3%-ға, SMM және контент-менеджерлерді іздегендер -32,8%-ға азайған. Ал менеджерлер мен жүргізушілерген деген сұраныс -14,4% және -10%-ға төмендеген.

Айым Болатқызы
Сенбі, 31 Қаңтар, 2026 20:57