2025 жылы Қазақстанда пәтер қанша тұрады? Қалалар бойынша деректер
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың ақпан айындағы Қазақстандағы тұрғын үй бағасының индексі мен құны туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Мекеменің мәліметінше, Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің орташа сату бағасы 505 075 теңге болды (1 шаршы метр үшін).
Ең қымбат тұрғын үй бағасы келесі қалаларда тіркелді:
- Алматы – 589 900 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Астана – 581 900 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Атырау – 506 825 теңге (1 шаршы метр үшін).
Ең арзан жаңа тұрғын үй бағасы мына қалаларда болды:
- Орал – 284 136 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Ақтөбе – 288 203 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Көкшетау – 331 988 теңге (1 шаршы метр үшін).
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы
Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы 531 676 теңге (1 шаршы метр үшін) болды.
Ең қымбат екінші нарықтағы баспаналар келесі қалаларда тіркелді:
- Астана – 661 849 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Алматы – 611 821 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Атырау – 482 711 теңге (1 шаршы метр үшін).
Ең қолжетімді екінші нарықтағы баспаналар мына қалаларда болды:
- Қызылорда – 315 877 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Ақтөбе – 323 746 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Көкшетау – 326 589 теңге (1 шаршы метр үшін).
Тұрғын үйді жалға алу бағасы
Елімізде абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы 4 560 теңге (1 шаршы метр үшін).
Ең қымбат жалдау бағасы мына қалаларда болды:
- Алматы – 5 480 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Астана – 5 130 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Қарағанды – 4 349 теңге (1 шаршы метр үшін).
Ең арзан жалдау бағасы келесі қалаларда тіркелді:
- Тараз – 2 177 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Түркістан – 2 593 теңге (1 шаршы метр үшін);
- Ақтөбе – 2 649 теңге (1 шаршы метр үшін).
Тұрғын үй бағасының өзгеруі
2024 жылдың ақпанынан 2025 жылдың ақпанына дейін тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті:
- Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы – 5,4%-ға қымбаттады;
- Жаңа тұрғын үй бағасы – 4,8%-ға көтерілді;
- Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы – 12%-ға өсті.
Алғашқы нарықтағы тұрғын үй бағасының ең жоғары өсімі келесі қалаларда байқалды:
- Павлодар – +16,3%;
- Көкшетау – +15%;
- Шымкент – +11,4%.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы ең көп қымбаттаған қалалар:
- Атырау – +18,7%;
- Қонаев – +14,4%.
Жалдау бағасының ең жоғары өсімі келесі қалаларда тіркелді:
- Талдықорған – +31,1%;
- Астана – +29,3%;
- Семей – +22%.
Айлық өзгеріс
2025 жылдың ақпан айында, қаңтармен салыстырғанда:
- Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы – 0,9%-ға өсті;
- Жаңа тұрғын үй бағасы – 1%-ға қымбаттады;
- Жалдау ақысы – 0,6%-ға көтерілді.
Тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері
2025 жылдың ақпан айында 29 022 мәміле тіркелді, оның ішінде:
- 6 332 мәміле – жеке үйлер бойынша;
- 22 690 мәміле – көпқабатты үйлердегі пәтерлер бойынша.
Қаңтар айымен салыстырғанда (30 917 мәміле) 6,1%-ға төмендеу байқалды.
Ең көп мәміле жасалған қалалар:
- Астана – 5 702 мәміле (19,6%);
- Алматы – 5 560 мәміле (19,2%);
- Қарағанды облысы – 2 343 мәміле (8,1%).
Ең аз мәміле жасалған өңір
Ұлытау облысы – 366 мәміле (1,3%).
2024 жылдың ақпанымен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 5%-ға төмендеді (былтыр – 30 534 мәміле).
Ең үлкен өсім Ұлытау облысында тіркелді (+51,2%), ал ең аз төмендеу Қызылорда облысында болды (-22,9%). Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин құрылысшыларға 16%-дық қосылған құн салығы енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеген.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов елде қосылған құн салығы көтерілсе, тұрғын үй бағасы қалай өзгеретініне қатысты болжамын бөлісті.
“Қосылған құн салығы жаңа пәтерлерге салынбайды. Мұнда басқа механизм немесе басқа салық түрі енгізілуі мүмкін. Қосылған құн салығы салынатын барлық тауарлардың құны салықтың өзгеруіне байланысты қымбаттайды. Бірақ бұл қысқамерзімді, бір реттік әсер болмақ. Инфляция деңгейі 3-3,5% көтеріледі. Осылайша қосылған құн салығы салынатын барлық тауарға әсер етеді”, – деп қосты ол.